• ҰЛАН
  • 14 Қыркүйек, 2021

Тәуелсіздік сабағына 50 000 оқушы қатысты

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында өткен «Тәуелсіздік сабағы» бір уақытта қаланың жетекші жалпы білім беретін мектептеріне көрсетілді.

«30 жыл: Тәуелсіздік ел тұғыры» виртуалды телекөпірі эфирде екі мыңнан астам алматылық оқушыларды біріктірді, ал республика бойынша 50 000 оқушыны қамтыды. Зияткерлік мектеп оқушылары тарих пәнінің мұғалімі Гүлнұр Құлыкенованың жетекшілігімен цифрлық және бейнесурстарды, ойын платформаларын пайдалана отырып, республиканың осы жылдардағы айтулы жетістіктерін, Қазақстанның әлемдік аренадағы жаһандық шешімдерін талқылады.

Сабақ барысында ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Президент Қасымжомарт Тоқаевтың Республика тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюына қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Н.Назарбаевтың зияткерлік мектептерге сапарына арналған фотокөрме, Тұңғыш Президенттің әдеби еңбектерінің экспозициясы сабақ қатысушыларына Елбасының Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы барлық саладағы және оның дамуының барлық кезеңдеріндегі жетекші рөлін көрнекі түрде көрсетті.

– Сабақ өте қызықты, бір деммен өтіп, бізге, тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келген жас ұрпаққа, өз Туымыз, Әнұранымыз, мемлекеттік тіліміз, өз тарихымыз бар екенін мақтан тұтудың маңызы зор екенін түсіндірді,-деп бөлісті №148 Алматы Жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Дана Беделбекова.

– Маған сабақтың саясат саласындағы әлемдік көшбасшыларға, соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған бөлігі өте ұнады. Маргарет Тэтчер, Джордж Буш, Владимир Путин сияқты әлемнің жетекші саясаткерлерінің біздің Тұңғыш Президентіміздің қызметіне жоғары баға беруі Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің барлық құрлықтарында бейбітшілікті сақтау ісіне жаһандық шешімдер ұсынған қазіргі заманның  ірі және ықпалы мол саясаткерлерінің ондығына кіретінін тағы да дәлелдейді, – деп атап өтті Алматы қаласы №107 лицейінің оқушысы Бекзат Ділдәбеков.

Алматылық Зияткерлік мектебі  Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған  сабағында  қазан айында Германия   еліндегі Эренст Аббе шетелдік серіктес мектебінің  оқушыларын  тікелей эфирде жинайтын болады.

375 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор