• ҰЛАН
  • 13 Қыркүйек, 2021

Аян – шахматтан чемпион

Аян Қайрат Ясауи атындағы №123 мектеп-гимназияның 2 «Д» сынып оқушысы. Ол бес жасынан бастап шахмат ойнайды. Жақында турнирге қатысып, 3-разряд алды. Анасы Жәмилә былай дейді: 

«Шахматқа қызығушылығы «Еркежан» балабақшасында жүргенде ашылды. Апайлары хабарласып, үйірмеге жазылуға болатынын айтты. Әкесі де, мен де ойнау білмейміз. Содан болар, аса мән берген жоқпыз. Ағайы Азамат Ағыбайұлы Аянның ынтасын байқап көреді. Айтқанды тез түсініп, фигураларды жаттап алады. Ағайы Абылқасымов атындағы шахмат мектебіне оқуға шақырды. Бірінші жарысында-ақ көзге түсті. 6 жасқа дейінгі балалар арасындағы турнирде 2-орын алды. Қыркүйек айында өткен жарыста 3-орын иеленіп, 4 разряд алды. 4 разряд арасында өткен жарыста 1-орын алып, 3 разрядты жеңіп алды. Ағайлары Аянды тапқыр, талантты әрі дарынды деп мақтайды. Алда үлкен жарыстар бар. Балама сәттілік тілеймін, жеңіске жететініне сенемін. 

Шахматқа деген ұмтылы-сын көріп, дамытуға күш салдық. Сөйтіп, Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясына оқуға бердік. С тобында өз қатарының алды. Үй тапсырмасын өзі орындайды. «Сабақ қиын, бармаймын» деп айтқан емес. Өзінен үлкен, 10-13 жастағы балалармен ойнайды. 

Шахмат жылдам ойланып, шешім қабылдауға үйретеді. Сөздік қоры, ойлау қабілеті дамиды. Аян шахматқа барғалы жақсы жағына көп өзгерді. Қарындасына қамқор, сабағын мұқият орындайды. Сынып жетекшісі Әлия Қалдыбайқызы да жақсы көреді. Сабақта белсенді, ұқыпты дейді. Қазір балаларға компьютер мен телефон ойнаған қызық. Спортқа, өнерге жылт еткен қызығушылығын байқаса, оны дамыту керек. Бала сол кезде алдына мақсат қойып, жеңіске жетуді үйренеді». 

Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА

«Ұлан» газеті, №37
14 қыркүйек 2021 жыл

314 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор