• Толағай
  • 23 Тамыз, 2021

«Мен оны күн сайын сағынамын». Месси мен Неймардың достық хикаясы

Соңғы аптада футбол әлемін дүр сілкіндірген оқиға Мессидің каталондық «Барселонадан» кетуі болды. Оған себеп, клуб аргентиналық ойыншыға жаңа келісімшарт ұсына алмауында. Сөйтіп «ПСЖ» футбол клубы тез арада Мессимен келісімшартқа отырды. Енді Лео жыл сайын 41 млн еуро алып отырады және 30-шы нөмірмен өнер көрсетеді. Таңғаларлығы, париждік клуб бір сағаттың ішінде Мессидің 250 мың футболкасын сатып үлгерген. 

2013–2017 жылдары Месси мен Неймар каталондық клубтың құрамында барлық титулды иеленген. Алаңда бір-бірін сөзсіз түсінетін футболшылардың қасында Луис Суарес болғанын да ескере кетейік. MSN триосы әлемді сүйсіндіргенін естен шығармайық. Оларда тіпті уотсапта ортақ чат болған. Бірақ  Суарестің орнын басатын шабуылшы көп екенін ұмытпайық. Олар: Клиан Мбаппе, Ди Мария, Икарди. Ал ең қызығы Неймар мен Мессидің футболдағы достық жұбы болатыны айдан анық.

«Месси, Суарес және Неймардың достығы футбол жанкүйерлері үшін қорқынышты оқиға болмақ. ФИФА бұл жағдайға араласып, дисквалификация жасауы қажет, өйткені олар қарсыластарына дес бермейді», – деп әзілдеген Чили құрамасының бапкері Хорхе Сампаоли. Кейінірек Неймар Мессидің «Барселонаға» бейімделуге көп көмектескенін мойындады, ол бразилиялық «Сантостан» келген еді: «Мен көп футбол жұлдызы бар командада өзімді ыңғайсыз сезіндім. Олардың арасында ойнаудан ұялатынмын. Сәтсіз матчтардың бірінде қатты жыладым, қайта-қайта доптан айырылып, жолым болмады. Сол кезде Лео маған жақындап: «Өз-өзіңмен бол, менен де, басқасынан да қорықпа. Мен саған бұл жерде көмектесетін боламын», – деді.

Мен қолдауға мұқтаж болған сәтте әлемдегі ең мықты ойыншы маған жақындап, қолымнан ұстап, жетістікке жететінімді айтты. Осы әңгімеден кейін біртіндеп босаңсып, өзіме деген сенімім арта бастады. Сол сәттен бастап арамызда үлкен достық басталды».

«Ол өзінің мінезінің арқасында командаға тез бейімделді», – деп жауап берді Месси. – Ол мұнда өте жас кезінде келді. Ол көңілді жігіт, ешқандай жамандығы жоқ. Керемет адам». Бірақ 2017 жылдың жазында Неймар ПСЖ-да жалғыз «жұлдыз» болуы үшін достарын тастап кетті. Бразилиялық «Алтын допты» армандайды деген қауесет тарады. Бірақ ол үшін Мессидің көлеңкесінен шығып, «Барселонадан» кетуі керек екенін түсінеді.

«Біз Неймармен «Барселонадан» кеткісі келген кезде сөйлестік, мұны бәрі білді, – деп еске алады Суарес. – Лионель екеуміз оған Каталониядан жақсы жер жоғын айттым айттық. Кейінірек ол қайтып оралу үшін бәрін жасауға тырысты. Чатта біз жиі сөйлестік және оның қиын сәттерінде қолдап отырдық, бірақ сонда да біз оның жеке кеңістігін құрметтедік».

«Мен Мессиді күнде сағынамын, – дейді Неймар. – Суаресті жиі еске алып тұрамын. Бұл жұпты өмір бойы есімде сақтаймын. Бірге ойнаған кездерімді сағындым». Копа Америкада Неймар мен Месси финалда кездесті. Аргентина жеңді, ал Лео 34 жасында құрамадағы алғашқы маңызды олжасын алды. Неймар финалда ұтылғанына қарамастан, оны алғашқылардың бірі болып құттықтады.

Енді екеуі 4 жылда алғаш рет бір командада ойнамақ. Неймар өзінің 10-шы нөмірін бергісі келетіні жайлы қауесет тараған. Бірақ Лионель Месси 30-шы нөмірді иеленді. Футболсүйер қауым үшін алда жақсы ойын мен жаңалық болары сөзсіз.

Бейбіт ҰЗАҚБАЙ,
«Ұланның» жас тілшісі.

«Ұлан» газеті, №34
24 тамыз 2021 жыл

667 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор