• ҰЛАН
  • 19 Шілде, 2021

Көз өсе ме?

Адамның көзі ерекше, өйткені олар біз дүниеге келгенде толық көлемде болады. Олар сәл үлкейіп, бірнеше миллиметрге ғана өседі. Бірақ бұл үнемі  бола бермейді. Біздің бала кезімізде  миымыз  көзімізден келетін хабарлардан суреттеу арқылы  жадымызда сақтайды және осылай көруді үйренеміз.

Басынан бастайық: біз туғанға дейін анамыздың ішінде өсеміз. Өмірді өте кішкентай болып  бастаймыз, түйреуіштің жоғарғы бөлігіндей немесе кітаптағы нүктедей. Біз өте кішкентай болып туылсақ та, жасуша  деп аталатын арнайы кішкентай блоктардан тұрдық. Күн сайын жасушалар саны өсіп, көбейеді, сонымен қатар жасушалардың әртүрлі типтері де қалыптаса бастайды.

Бастапқы нүкте

Әртүрлі типтегі жасушалар дененің әртүрлі бөлігі үшін жалғыз бастапқы нүкте болады. Сонымен, жасушалардың бір түрі  құлағымызды өсіруге көмектеседі, ал екіншісі біздің жүрегімізді өсіруге көмектеседі. Біздің көзімізді жасайтын үш түрлі жасуша бар. Ана құрсағындағы үш аптада көзіміз пайда бола бастайды. Төрт аптадан кейін көзімізді миымызбен байланыстыратын «нервтер» деп аталатын арнайы қосқыштар өседі. Бұл қосқыштар өте маңыз-ды, өйткені олар  көзімізге миымызға не көріп тұрғанымызды айтуға көмектеседі. Құрсақта он апта өскеннен соң, көзіміз көру үшін қажет бөліктерімен толығымен қалыптасып, байланысады. Осы кезеңде  бүкіл денеміз құлпынайдың көлеміндей болады, енді көзіміздің қаншалықты кішкентай болғанын елестетіңізші. Алдағы 30 апта ішінде нәресте туылғанға дейін анасының энергиясымен өсіп, үлкейеді.

Көруді үйрену

Біз туылған кезде көзіміз үлкен таңқурайдай болады. Олар одан әлдеқайда үлкейіп өспейді, шамамен шиедей болады. Шынында да, ересек адамның  қаншалықты үлкейіп өскені туралы ойлағанда, денеміздің қалған бөлігімен салыстырғанда  көзіміз мүлдем өспейді екен.

Туылғаннан кейін көзімізді ашқаннан соң, олар миға қосылатын жүйке бойымен сигналдар бере бастайды. Бірақ алғашында онша жақсы көре алмаймыз және көп нәрсе бұлыңғыр болып көрінеді. Себебі, біздің миымыз көзіміз-ден ақпаратты өзіміз көретін нәрсеге айналдыруды үйренуі керек.

Есейген сайын көру қабіле-тіміз жақсарады. Шамамен сегіз аптаға толғанда, өзіміздің жақын адамдарымыздың бетіне қарай бастаймыз. Үш айлық болғаннан кейін айналада қозғалыс болса, біз оларды қадағалай аламыз. Бесінші айда түстерді көре аламыз, ал үш жасқа толған кезде  ересектер сияқты заттарды анық көріп, атымен, түр-түсімен бірге есте сақтайды екенбіз.

Көз күтімі өте маңызды. Жаз айында көзімізді күн сәулесінен қорғау үшін арнайы көзілдірік тағып, көзді жыл сайын дәрігерге тексертіп тұруымыз керек. Қартайғанға дейін көру қабілетімізді сақтауымыз керек. Бейнеойындарды көп ойнамай, көзге кері әсер ететін зиянды әрекеттерден аулақ болған жөн.

Нұрлыхан ЖҰМАХАН

«Ұлан» газеті, №29
20 шілде 2021 жыл

811 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор