• Сенің замандасың
  • 24 Мамыр, 2021

Алматылық NIS оқушысы әлемнің төрт жетекші университетіне шақырту алды

Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Мұхаммед-Әли Қанатбек Фордем университетінен, Дрексель университетінен, Гонконг баптист университетінен және Британ Колумбия университетінен шақырту алды. Бабсон колледжі мен Боккони оқу орнынан да шақырту күтіп отыр. 

Мұхаммед-Әли Британдық Колумбия университетінің Karen McKellin International Leaders of Tomorrow (KMILOT) Award толық стипендиясының 33 иегерінің бірі болды. Бұл университетте профессорлар құрамы мықты. Түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі жоғары. Жеке жобаларды дамыту әлеуеті де орасан. Осының бәрін есепке ала отырып, зияткер дәл осы университетте оқуға шешім қабылдады. Оқу қыркүйек айында офлайн форматта басталады.

«Оканагандағы кампуста оқимын деп отырмын, себебі «Бизнес және менеджмент» мамандығы өте жақсы сәйкес келді. Сонымен қатар профессорлармен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік алдым. Оқуға түсу кезінде кәсіби бағдар берген Бағжан Азаматқызына алғысым шексіз. Оқуға түсуге дайындықты алдын ала, яғни 2-3 жыл бұрын бастаған дұрыс. Бастысы – ниет пен ұмтылыс. Оқу озаты болмасам, жетекші университетке түсу мүмкін емес деп ойламаңыз», – дейді Мұхаммед-Әли.

Мұхаммед-Әлидің жетістігі көп-ақ. 2019 жылы Гарвард математика олимпиадасында (HMMT) қазақстандықтар арасында бірінші орынды жеңіп алған. Oracle Kazakhstan-да тағылымдамадан өткен. 2000-нан астам адамға арналған Халықаралық бизнес инкубаторын жасаған. Сондай-ақ, мектептен тыс тағылымдамалар мен бизнес саласындағы жобалары бар.

«Ұлан» газеті, №21
25 мамыр 2021 жыл

3014 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор