• Жырақтан білім іздесең
  • 03 Мамыр, 2021

АҚШ-тың 5 университетінің шәкіртақысын ұтып алды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Жәния Абжан АҚШ-тың бес бірдей университетінің шәкіртақысын ұтып алды. Информатика саласына қызығушылық танытатын зияткер білім грантына қалай ие болғаны және болашақта зерттейтін саласы туралы әңгімелеп берді.

 – Алматы қаласының тумасымын. Назарбаев зияткерлік мектебінде 7-сыныптан бастап оқимын. Кішкентай кезімнен компьютерлік ғылымдарға ерекше қызығушылық таныттым. Компьютерлік есептерді шығаруға қатты қызығамын. Қазір  биология мен  экономика саласын да меңгеру үшін еңбектеніп жүрмін. Болашақта сол бағыттар бойынша жинаған білімімді бір арнаға тоғыстырып, медицина саласында қолдансам деймін. 

– Емтиханға қалай дайындалдың?

– Өзім армандаған оқу орнын-да білім алу үшін ағылшын тілінен деңгейіңді көрсететін IELTS пен орта мектепте меңгерген білім деңгейін көрсететін SAT стандарт тестіне екі жыл дайындалдым. Дайындық кезінде өзіңізге ыңғай-лы әдісті пайдалану – жоғары көрсеткішке жетудің бірден-бір тиімді жолы. Мен Pomodoro әдісін қолданып, әр сағатымды ұтымды пайдалануға тырыстым. Сынақтан сүрінбей өтуіме екі жыл уақыт жеткілікті болса да, болашақ түлектерге дайындықты ертерек бастауға кеңес беремін. Біліміңізді толықтыруға неғұрлым көп уақыт бөлсеңіз, өзіңізге деген сеніміңіз де соғұрлым арта түседі.

– Білім грантын ұсынған оқу орындары туралы айтып берсең...

– Бес жоғары оқу орнынан шақырту келді. Соның ішінде, Вирджиния штатында орналасқан Вашингтон мен Ли университеті менің оқу, жатын орын және тамақтану шығынымды толығымен өтейтін шәкіртақы ұсынса, Сент Луис университеті президенттік шәкіртақы тағайындады. Өзге екі жоғары оқу орны да ең жоғары шәкіртақы ұсынды. Десе де, мен АҚШ-тың үздік университеттерінің  рейтингінде үнемі жоғары орындарға ие Нотр-Дам университетінің жауабын асыға күттім. Бұл оқу орны әлемдік компанияларда тәжірибеден өтуге мүмкіндік беретін Чикаго қаласына жақын орналасқан. Бұдан бөлек мені университеттің академиялық жетістіктері мен қауымдастығы қызықтырды. Сондай-ақ, Кондолиза Райс сияқты табысты тұлғалар мен түлектер студенттерге жиі дәріс оқиды. 

Нотр-Дам университеті ұсынған шәкіртақы оқу, жатын орын және жол шығындарымды толық өтеп, медициналық сақ-тандыру және оқулықтармен қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта сонда  «Компьютерлік ғылымдар» мамандығы бойынша білім аламын. Болашақта магистратура, PhD бағытында біліктілігімді арттыру да ойда бар. Осы орайда, ұстаздарыма ерекше алғыс айтқым келеді.

– Газет оқырмандарына айтар кеңесің бар ма?

– Оқу орнын таңдау барысында жаңылмас үшін көп ізденуге кеңес беремін. Интернет желісіндегі ақпараттарды шолып шығу аздық етеді. Оқу орындарымен мейлін-ше толық таныс болғыңыз келсе, таңдау жасаған университетіңіздің студенттерімен кеңескен жөн. Ең бастысы, мақсат жолында еңбектенуден ешқашан жалық-паңыз. Сонда ғана арманыңызға біртабан жақындай түсесіз!

– Сұқбатыңызға рақмет!

Назерке ӨТЕГЕН,
Қ.Жұбанов атындағы 
АӨУ студенті.

«Ұлан» газеті, №18
4 мамыр 2021 жыл
 

1210 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор