• Сенің замандасың
  • 19 Сәуір, 2021

«AquaPAC» құрылғысын ойлап тапты

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары  Төлеген Айтени, Арман Жалғасбаев, Ернұр Жанғалиев – «AquaPAC» құрылғысының авторы. Жобаның жетекшісі – Жәнібек Жанкулов. Ол зияткерлік мектептің мұғалімі. 

Арман Жалғасбаевтың айтуынша, «AquaPAC» құрылғысының ерекшелігі – ауадан ауыз су алуға болады. Қалай? «Алдымен конденсация әдісі арқылы бу сұйықтыққа айналады, сүзгіден өтеді және ултракүлгін сәулелер арқылы өңделеді. Құрылғыға «AquaPAC» атауын да мен ұсындым. Өйткені «Aqua»  су дегенді білдірсе, «PAC» тасымалдау деген ұғымды білдіреді. Ұсынысымды достарым да, жетекшім де қолдады. Құрылғымыздың ерекшелігі де осында. Оның ішінде бірнеше бөтелке бар. Олар суды тазалау үшін тасымалдайды», – дейді Арман. 

Төлеген Айтени: «AquaPAC» құрылғысының адам өмірінде атқаратын рөлі зор. Адам күнделікті таза су қолданбағандықтан, соңы өлімге апаратын жағдайлар да кездеседі. Сондықтан біз ойлап тапқан құрылғының сапасы да өте жоғары. Көлемі шағын, салмағы да жеңіл. Бөлме ішінде кез келген жерге қойып пайдалану ыңғайлы», – дейді. 

«Біз өзіміздің авторлық жұмысымызға мемлекет атынан «авторлық құқық» алдық. Құрылғыны бірнеше рет жетекшімізбен бірге тәжірибеден өткіздік. Қазір құрылғы қолдануға жарамды. Оны қолдану қарапайым халыққа қиындық келтірмейді деп толық айта аламын», – деді Ернұр Жанғалиев. 

Аяулым ҚҰДАЙБЕРГЕН,
«Ұланның» жас тілшісі. 

«Ұлан» газеті, №16
20 сәуір 2021 жыл
 

2609 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор