• ІТ және инновация
  • 21 Қазан, 2020

Қазақша программалау мектебі

Қазір ІТ, программист деген сөздер бәрімізге таныс. Алайда бұл саланың ауқымы өте кең екенін біле бермейміз. Алғашында ІТ маманы не программист десе, бұзылған компьютер мен телефонды жөндейтін адам елестейтін. Кейінірек оның сайт, ойын жасай алатынын түсіндік. Оның қызметі мұнымен шектелмейді екен. Жақында Kaz Coder онлайн программалау мектебінің негізін салған 19 жастағы Дастан Тілеубекпен әңгімелескен едік. ІТ саласы бойынша тегін марафон өткізіп жүрген ол бізге көп тың мағлұмат берді. Болашақта ІТ саласында білім алып, жұмыс істегісі келетін оқырманға Дастанның ақпараты пайдалы болады деген ниетпен жариялап отырмыз.

Адамның еркіндігі ІТ саласына тәуелді

Ұлан: Онлайн программалау мектебін ашу туралы идея қашан, қалай пайда болды?

Дастан Тілеубек: 2020 жылы бүкіл әлемде тараған Covid-19 адамдардың өмір сүру, ақпарат пен білім алу салтын өзгертті. Бәріміз онлайн форматқа ауыс-тық. Осы сәтті пайдаланып, көп-тен бері ойымда жүрген онлайн қазақша программалау мектебін аштым. Жаңа жобаға Nur bilim онлайн академиясы қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берді.

Өзім әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқимын. Ақпараттық технология-лар факультетінің 3-курс студентімін. Программалау негіздерін алғаш университет қабырғасында үйрендім. Бірақ код жазу, программалау туралы қазақша ақпарат таба алмадым. Орыс тілінде де көп ақпарат жоқ. Сондықтан ағылшын тілінен аудару керек болды.

Интернетте кездесетін ақпа-рат, мысал, талдау, есептер қазақ тіліне дұрыс аударылмағанын байқадым. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін және білім мен тәжірибе жинау үшін қазақтілді аудиторияға арнап программалау негіздерін дайындадым. Карантин кезінде осы үйренгенімді басқа адам-дарға айтсам, программалау туралы ақпаратты ана тілімде жеткізсем деген ниет пайда болды. Осылайша Kaz Coder атты онлайн қазақша програм-малау мектебін аштым.

Kaz Coder мектебінің онлайн марафонына қатысу тегін. Базалық білім тегін берілуі керек деп ойлаймын. Ал әрі қарай программалау тілін терең меңгеріп, осы салада қызмет еткісі келетіндер болса, ақылы курсқа жазылса болады. Бағдарлама бойынша программалаудың негізін екі айда қазақ тілінде үйренуге болады. Қарап отырсам, Стив Джобс, Билл Гейтс сияқты тұлғалар 19 жасында алғашқы компаниясын ашқан. Ондай қабілет, ізденіс, даму біздің жастарда да бар. Қазір ақпарат та, білім де қолжетімді. Сондық-тан ерінбей еңбек етіп, дамуға талпыну керек деп ойлаймын.

Ұлан: Сіз үшін ІТ деген не? Бұл саланы таңдауыңызға не әсер етті?

Дастан Тілеубек: Қоғамда ІТ дегенде программист, яғни разработчик маман елестейді. Бірақ ІТ біз елестетіп, таныған-нан да ауқымды. Нақтырақ айтсақ, ІТ – ақпараттық техно-логиялар. Яғни ақпаратты өңдеу үшін технологиялық элементтер, әдістер мен құрылғыларды қолдану. Адамға ақпарат беретін кез келген жоғары немесе төмен-гі дәрежелі технологияның бәрін ІТ саласы жасайды. ІТ екіге бөлінеді: hardware және software. Hardware саласына компьютер, процессор сияқты темір-терсек кіреді. Ал software дегеніміз – программалау. Оған күнделікті қолданып жүрген бағдарлама, ойын, сайт кіреді.

Философиялық тұрғыдан алып қарасақ, адамның бәрі еркін болуды қалайды. Ал қазіргі жаһандану дәуірінде еркіндігіміз ақпаратқа тәуелді. Интернет, жаңа технология адамға қаншалықты пайдалы болса, соншалық қауіпті. Осындай қауіпке толы ортада өзіңді сенімді сезіну үшін көп ақпарат білуің керек және жеке ақпаратыңды қорғай алуың керек. Менің ІТ саласын таңдауыма осы әсер етті. 

Программалау тілі қиялыңды орындайды

Ұлан: Программалау тілін үйрену не үшін қажет?

Дастан Тілеубек: Көп адам программалау тілі сайт немесе веб-парақша, ойын немесе бағдарлама жасау үшін ғана керек деп ойлайды. Шындығында, программалау тілінің көмегімен бар қиялыңды жүзеге асыра аласың. Қазір қиын жұмыстың бәрін автоматтандыруға болады. Оны орындау үшін программалау тілін меңгеру керек.

Қарапайым мысал келтірейін. Мектепте физика, химия, математика сабағын орындау қиынға соғады делік. Оны программа тілінде жазып шықсақ, бәрін оп-оңай орындап береді. ІТ мамандары арасында «Программалай білу – өнер» деген сөз бар. Мен үшін программалау тілі – қиялыңды шын-дыққа айналдыратын құрал.

Ұлан: Қазақстанда ІТ-дің қай саласы және қандай программалау тілі сұранысқа ие?

Дастан Тілеубек: Қазақстанда веб-программистер жеткілікті деп ауыз толтырып айтуға болады. Мобильді қосымша жасайтын мамандар көп емес, бірақ нарықты қанағаттандыратын деңгейге жетіп қалды. Ал ойын индус-триясы ақсап тұр.
Әлемдік нарықта бар, танымал программалау тілдері Қазақстанда да дамып келеді.
Еліміздегі ең танымал программалау тілі – Java, JavaScript, Python және С++ тілдері.
Python – жиі қолданылатын программалау тілі. Ол веб-раз-работка, жасанды интеллект және бизнес процестерді автоматтандыруда қолданылады.

Python ІТ-дегі көшбасшы тілдің бірі. Ал Java бағдарлама жасау, өңдеу үшін пайдаланылады. Соңғы онжылдықта ІТ саласында Java доминация жасап келеді. Ал С++ оңай, жылдам, тиімді жұмысымен ерекшеленеді.

Ұлан: Қалай ойлайсыз, отандық нарықтағы ІТ мамандар қоғамдағы сұранысты қанағаттандыра ала ма?

Дастан Тілеубек: Қазір Қазақстанда мықты ІТ мамандар бар. Бірақ отандық нарықты толық қамтамасыз ете алмай отыр. Неге? Мұндай проблема көрші Ресейде де бар. Себебі ТМД елдеріндегі мықты ІТ мамандар АҚШ-қа кетіп жатыр. Олар Google, Amazon компанияларында жұмыс істеп, тәжірибе жинап жүр. Өйткені Америкада қарапайым ІТ ма-манының айлығы өте жоғары. Деңгейі өскен сайын, табысы да арта түседі. Сондықтан білікті ІТ мамандары елде тұрақтамайды.

АҚШ-та программалау тілін меңгеру мектеп бағдарламасына енгізілген. ІТ саласына
миллиардтаған доллар инвес-тиция құйылады. Қазақстанда ІТ саласын дамытуға енді көңіл бөліне бастады.

Ұлан: Болашақта ІТ маманы болғысы келетін оқырманға қандай кеңес бересіз?

Дастан Тілеубек: ІТ мама-ны болғысы келетін адам ешқашан бір орында тоқтап қалмауы керек. Себебі қазір сәт сайын технология дамып, көзді ашып-жұмғанша жаңа деп үйренген технология ескіге айналып жатыр. Сондықтан дамудан, ізденуден, үйренуден шарша-майтын адам ғана мықты ІТ маманы бола алады деп ойлаймын.

ІТ саласы шыдамды қажет етеді. Зерттеп қарасақ, әлемдегі танымал, ең мықты деген мамандардың өзі кезінде бір сәт ойланып, «Мен расымен ІТ саласы үшін жаралдым ба?» деген ойға қалғанын жасырмайды. Осындай күдіктің өзі адамның дамуға талпынысын танытады.

ХХІ ғасыр – ақпарат дәуірі. Бұл – факт. Мұндай қоғамда тек ІТ маманы ғана емес, барлық адам программалау тілін білуі керек. Сондықтан қазақтілді аудиторияға рационал ақпарат пен сапалы білім беруді миссиям деп түсінем.

Дана МАРАТОВА

«Ұлан» газеті, №42
20 қазан 2020 жыл
 

1883 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор