• ҰЛАН
  • 14 Қазан, 2020

Алматы оқушылары «The Planet of ART-2020» халықаралық байқауының жүлдегерлері атанды

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Бурақожаева Диана, Жидебай Айша, Жақып Ұлпан, Кубанова Римма  ойшыл-ғалым Әбу-Насыр-Әл-Фарабидің 1150 жылдығына және қазақ халқының ұлы ақыны – Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «The Planet of ART-2020» халықаралық байқауының ақтық кезеңіне өтті.

Оның ішінде 9 сынып оқушысы Диана Буракожаева art-сайыстың жеңімпазы атанды. Ақтық кезеңге өткен жас суретшілердің  жұмыстары Халықаралық байқаудың  «Ұлы дала ойшылдары» атты тақырыптық альбомына енгізіледі, оның тұсаукесері Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде өтетін арнайы ресми іс-шаралар кезінде болады деп жоспарлануда. Сонымен қатар,  Қазақстанның облыс орталықтарында ұйымдастырылатын үздік жұмыстардың көшпелі экспозициясында өңірлердің тұрғындары зияткерлердің туындыларын тамашалай алады.

472 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор