- ІТ және инновация
- 28 Мамыр, 2020
ITeachMe жобасына іріктеу басталды

#ITeachMe3.0 лагерінің бірінші іріктеу кезеңінің басталуын жариялаймыз. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мүгедек жастар IT саласында бірлескен кәсіби даму үшін бірігетін болады.
Біздің елімізде мүгедектерді жан-жақты бейімдеу, білім беру және жұмыспен қамту ерекше рөл атқарады. Білім жеке тұлғаның дамуына ықпал етіп, қиындықтарды жеңуге көмектеседі және қоғамда теңдікті сезінуге мүмкіндік береді, ал жұмыспен қамту қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізеді.
ITeachMe жобасы мүгедектердің қаржылық тұрақтылығы мен қоғамға сіңуі үшін кәсіби IT-білім беруге бағытталған. Лагерьге қатысу әрбір адамды алдына мақсат қою және оған жетуге ынталандырады.
Жана идеяларды жүзеге асырушылар, инноваторлар, тәлімгерлер, мүгедектігі бар белсенді жастар жаңа белестерге жету, қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу және қоғамға сіңу үшін бірігеді. Лагерь аясында және одан әрі офлайн режимінде кеңейтілген бағдарлама жоспарлануда: дөңгелек үстелдер, тренингтер, жұмыс берушілермен және серіктестермен кеңестер.
Байқауға қатысу шарттары:
- Қазақстан Республикасының азаматтары;
- Жасы 17-35 жас мүгедектер немесе халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын жастар

833 рет
көрсетілді0
пікір