• ҰЛАН
  • 28 Қыркүйек, 2017

Ағылшын тіліндегі нақ осы шақ (өткен сабақтың жалғасы)

Енді нақ осы шақтағы «Мен кітап оқып жатырмын» деген хабарлы сөйлемді болымсыз жəне сұраулы сөйлемге айналдырып көрейік. I am reading (Мен оқып жатырмын) деген хабарлы сөйлемді болымсыз сөйлемге айналдыру үшін біз to be (am)-ден кейін not-ты қосамыз. I am not reading. (Мен оқып жатқан жоқпын). Сұраулы сөйлемге айналдыру үшін to be (am) етістігін сөйлемнің алдына шығарамыз. Am I reading? (Мен оқып жатырмын ба?) Балалар, сендерге ағылшын тілінде нақ осы шақтағы сөйлем құрау үшін міндетті түрде to be (am, is, are) мен ing жалғауын қолданатынымыз түсінікті болды деп ойлаймыз. Жоғарыда to be етістігінің қолданысын айтып өттік. Сондықтан I-ға am, it-қа is, you, we, they-ларға are қолданылатынын білеміз. Енді I-дан басқа есімдіктерге нақ осы шақтағы сөйлемдер құрастырайық. He is reading. (Ол оқып жатыр) He is not reading. (Ол оқып жатқан жоқ) Is he reading? (Ол оқып жатыр ма?) Жоғарыдағы сөйлемдердегі he есімдігі ер адамға қарата айтылады. She is reading. (Ол оқып жатыр) She is not reading. (Ол оқып жатқан жоқ) Is she reading? (Ол оқып жатыр ма?) Жоғарыдағы сөйлемдердегі she есімдігі əйел адамға қарата айтылады. Біз it есімдігін адамға қолданбаймыз. Тек жансыз зат пен жануарларға ғана қолданамыз. Сондықтан оған кітап оқу туралы сөйлем құрай алмаймыз. Ендеше, басқаша сөйлем құрайық! It is running. (Ол жүгіріп жүр) It is not running. (Ол жүгіріп жүрген жоқ) Is it running? (Ол жүгіріп жүр ме?) Дəл осы арада сəл аялдауымызға тура келіп тұр. Жүгіру деген мағына беретін run сөзін неге running деп n əрпін екі рет жаздық? Неге runing деп жазбадық? Бір n əрпін артық жазып қойған жоқпыз ба? Жоқ! Оның өз ережесі бар екен. Мысал келтіріп көрейік. Sit (отыру) – sitting Run (жүгіру) – running Put (қою) – putting Жоғарыдағы сөздерге нақ осы шақтың ing жалғауын қосқанымызда, сөздердің соңғы əріптері (t,n,t)  қосарланып жазылды. Ал мына сөздерге қарап көрелік: Read (кітап оқу) – reading Climb (өрмелеу) – climbing Жоғарыдағы сөздерге ing жалғауы қосылғанда, соңғы əріптер (d,b) неге екі рет жазылмады? Ойланып көрсең табатыныңа сенеміз! Балалар, енді біз бұлай болуының себебін ең қарапайым тəсілмен түсіндіріп көрейік. Егер сөзде бір ғана дауысты дыбыс болса жəне ол дауысты дыбыс сөздің соңынан санағанда екінші əрпі болса, ing жалғауы қосылғанда соңғы дауыссыз дыбыс екі рет жазылады. Жоғарыдағы sit, run, put сөздерінде тек бір ғана дауысты дыбыс бар жəне ол дауысты дыбыстар сөздің соңынан санағанда екінші əрпі болып тұр. Ал read деген сөзде екі дауысты дыбыс бар, сол себепті соңғы d əрпі екі рет жазылмады. Ал climb сөзінде бір ғана дауысты дыбыс (i) бар ғой, ing қосылғанда соңғы b əрпі неге екі рет жазылмады? Себебі climb сөзіндегі дауысты дыбыс I сөздің соңынан санағанда екінші əрпі емес, үшінші əрпі. Сол себепті ing қосылғанда соңғы əріп қосарланып жазылмады. Грамматикамызды жалғастырайық. You are reading. (Сен кітап оқып жатырсың) You are not reading. (Сен кітап оқып жатқан жоқсың) Are you reading? (Сен кітап оқып жатырсың ба?) We are reading. (Біз кітап оқып жатырмыз) We are not reading. (Біз кітап оқып жатқан жоқпыз) Are we reading? (Біз кітап оқып жатырмыз ба?) They are reading. (Олар кітап оқып жатыр) They are not reading. (Олар  кітап оқып жатқан жоқ) Are they reading? (Олар кітап оқып жатыр ма?) Балалар, енді мəтінге қайта оралайық. Where’s Zhansaya? Сабағымыздың тақырыбы: Жансая қайда? Erke: Where’s Zhansaya, Balshat? (Жансая қайта, Балшат?) Where (қайда), ‘s – to be етістігі is-дің қысқарған түрі, Zhansaya – қазақ қызының əдемі есімі. Ал бұл сөйлемде ер баланың есімі Balshat-тың алдына үтір белгісі қойылған, қаратпа сөз. Демек, сөз Балшатқа айтылып тұр. Balshat: She’s in the garden, Erke. (Ол бақшада, Ерке.) She – қыз балаға қолданылатын есімдік – ол, ‘s – to be етістігі is-дің қысқарған түрі, in – ішінде, the – белгілі заттың алдына келетін артикль, garden – бақша, Erke – қазақ қызының есімі. Erke: What’s she doing? (Ол не істеп жатыр?) What – не, ‘s – to be етістігі is-дің қысқарған түрі, she – қыз балаға қолданылатын есімдік ол, do – істеу, doing – істеп жатыр (нақ осы шақтағы қимылды көрсетеді). Balshat: She’s sitting under the tree. (Ол ағаштың түбінде отыр) Sit – отыру, under – түбінде, tree – ағаш. Erke: Is Murat in the garden, too? (Мұрат та бақшада ма?) To – да, де, та, те. Balshat: Yes, he is. (Иə, солай.) He’s climbing the tree. (Ол ағашқа өрмелеп жүр). Erke: I beg your pardon? (Не дейсіз? Түсінбедім? Қайталаңызшы.) Beg – өтіну. Бірінші сабағымызда pardon-ның шын мəнінде кешірім сұрау емес екенін, тек адамдардың назарын аудару үшін қолданылатынын айтқан едік. Who’s climbing the tree? (Кім ағашқа өрмелеп жүр?) Balshat: Murat is. (Мұрат) Бұл сөйлемді толықтап жазатын болсақ, Murat is climbing the tree (Мұрат ағашқа өрмелеп жүр) деген сөйлем шығады. Erke: What about the dog? (Ит туралы не айтасың?) About – туралы, dog – ит. Balshat: The dog’s in the garden, too. (Ит те бақшаның ішінде) It’s running across the grass. (Ол көгалды кесіп жүгіріп жүр) Across – кесіп өту, grass – шөп, көгал. It’s running after a cat. (Ол мысықты қуып бара жатыр) Run – жүгіру, after – кейін, соңынан, артынан, cat – мысық. Run after – қуалау. (Екінші сабақтың соңы)

Қалау СƏЛЕМЕТБАЙҰЛЫ, Elshat English Education орталығының жетекшісі.

«Ұлан» газеті, №39 26.09.2017

 

10488 рет

көрсетілді

3366

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор