• ҰЛАН
  • 01 Маусым, 2021

Бұл жаңа мамандық болуы мүмкін...

Әлемде көп нәрсе пандемияға дейін және пандемиядан кейін деп өзгеруі мүмкін. Бұл, әсіресе, медицина саласында қатты байқалып жатыр. АҚШ-тағы «Discover» ғылыми журналының соңғы санында шыққан мақала осы ойымызды нақтылай түседі. Осы маңызды мақаланы қазақша оқитын оқырман үшін аударып беруді жөн санадық.

Виртуал терапия – енді ғана қалыптасқан ғылым. Интернеттегі денсаулықты сақтау үшін көп адам жүгініп жатыр. Бірақ виртуал кеңес  бізге дәстүрлі терапия сияқты әсер ете ме?

Терапия туралы ойлағанда, ойыңызға не келеді? Бәлкім, былғары орындықта жатқаныңызды елестететін шығарсыз? Ал психолог блокнотқа бір-деңе  жазып жатады. Енді мынаны елестетіп көріңізші: сіз өзіңіздің төсегіңізде пижамамен ұйықтап жатырсыз және виртуал терапевтке мессенджер арқылы мәселеңізді айттыңыз.

Оны BetterHelp және Talkspace сияқты бағдарлама көмегімен істей аласыз: сіз ондағы кеңесшілерге хат жолдап, электронды пошта немесе қоңырау шалу арқылы байланыса аласыз. Іс жүзінде пандемия онлайн терапияны бұрынғыдан да ыңғайлы, пайдалы етті. Бірақ цифрлық көмекке сұраныс көбейген кезде оған тиісті психикалық денсаулық пен қолдау көрсету міндеті туындайды. Виртуал терапия бетпе-бет емдеу сияқты тиімді бола ала ма?

Терапия мазасыздықты азайтады

Онлайн терапияға қатысты ең үлкен мәселе оның тиімділігі болуы мүмкін. Осыған қарамастан, зерттеулер онлайн когнитивті мінез-құлық терапиясын денсаулық сақтаудың пайдалы және практикалық түрі деп атады. Емделушілер бұрынғыдай ауруханаға бармай, онлайн дәрігер қабылдауында болса да, «қанағаттанарлық» нәтиже көрсетуге болады екен. 

Онлайн терапияның бірегей артықшылығын қарастыра отырып, BetterHelp терапевт дәрігермен сөйлесу кезінде пациенттеріне үйде демалуға мүмкіндік беру терапияның ең жақсы нәтижесін береді деп мәлімдеді. Себебі көп адам бетпе-бет сөйлескенде жандүниесін аша алмауы мүмкін.

Шынайы өміріңізге жаңа орта қосыңыз. Сезімдеріңізді бөлісу сізге қорқынышты болып көрінуі мүмкін. Мысалы, өз саласының шебері саналатын кеңес беруші сізді ешқашан бағалауға мәжбүрлемесе де, терапевтпен мессенджер немесе телефон арқылы сөйлесу  жандүниеңіздің ашылуын жеңілдетуі мүмкін. 

Терапияға сұраныс ешқашан жоғары болған емес: әрбір оныншы америкалық ересек адам пандемия кезінде мазасыздық белгілері немесе депрессия туралы хабарлады. 2019 жылғы қаңтар мен маусым аралығында бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен болған, шамамен 10 адамның біреуі бірдей белгілер туралы хабарлаған. Интернеттегі терапия ерекше стресс уақытта ыңғайлы, сонымен бірге экономикалық жағынан тиімді. Мессенджердегі хаттарға негізделген психотерапияны зерттеу тәжірибесі  дәстүрлі қызметтің құнын екі еседен астам арзан етеді және кезек күтпейсіз.

Виртуал терапия тұрақты әрі жақсы нәтиже беруі мүмкін. Осы нәтижелерді тексеру үшін швед зерттеушілері негізгі алаңдаушылық бұзылысы бар 100 қатысушыны қабылдап, оларды емдеу және бақылау тобына қосып зерттеу жүргізді. Емдеу апта сайынғы жатты-ғулардан тұрды, олар онлайн терапевтердің бақылауында және жетекшілігінде болды. Осыдан кейін емдеу тобының 46 пайызы едәуір жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Виртуал терапияға қатысты шектеулер

Тез қол жеткізу мүмкіндігі, қолайлы екені және виртуал терапияның неліктен қолға алынғаны туралы айттық. Дәстүрлі емдеу әдістерімен салыстырғанда, мұның да артық-кем тұстары бар. Мысалы, психотерапия көбіне бағалау құралы ретінде пайдаланылады. Виртуал кеңес беру, әсіресе мәтін және телефон терапиясы науқастың іс-қимылын бақылау мүмкіндігін жояды. Психотерапиядағы бейвербал (Бейвербал коммуникация немесе бейвербал қарым-қатынас – сөздер мен басқа да тілдік бірліктерге сүйенбейтін ым-ишара тілі) коммуникацияға арналған 2010 жылғы зерттеу нәтижесі бойынша, маңызды ақпаратты ауызша емес, науқастың әрекеттерін бақылау арқылы алуға болады.

Сөйлеуден бөлек  белгілер арқылы науқастың белгілі бір тақырыпқа қаншалықты ыңғайлы екенін терапевт бағамдай алады. Бұған көзді жыпылықтату, мимика, дене бітімі, ым-ишара сияқты мінез-құлық жатады, олар жасырын сезімдерді меңзеуі немесе тіпті белгілі бір диагнозды білдіруі мүмкін.

Кемшіліктеріне қарамастан, телотерапия тез арада XXI ғасырдағы жаңа қалыпты жағдайға айналды. Былтыр бүкіл әлемде арақашықтыққа қатысты нұсқаулар орнатылған-дықтан, терапевтердің көпшілігі виртуал платформаларға көшті. Пандемия  қалыпты өмірімізді айтарлықтай өзгеріске ұшыратты. Егер пандемия уақыты ұзарса, басқа да мамандықтар қолымыздағы смартфонға тәуелді болуы мүмкін...

Ағылшын тілінен аударған
Нұрлыхан ЖҰМАХАН,
«Ұланның» тілшісі.
Түпнұсқа авторы
Донна Саркар.
Мақала «Discover» журналының 2021 жылғы №4 жарияланымынан алынды.

«Ұлан» газеті, №22
1 маусым 2021 жыл

356 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор