• ҰЛАН
  • 26 Сәуір, 2021

Орталық Азиядағы адам құқығын қалай қамтамасыз етуге болады?

19 сәуір Еуразия эконо-микалық және құқықтық зерттеулер орталығы Нархоз университетінің «Рысқұлов оқулары-2021» халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Орталық Азиядағы білім беру жүйесінде балалардың құқықтарын қорғау құралдарын енгізу» атты онлайн дөңгелек үстел форматындағы жиын өтті.

Білім беру арқылы балалар-дың құқықтарын қорғау мәселелерін ҚР Білім министрлігі мен білім беру басқармаларының, халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ мектеп мұғалімдері онлайн дөңгелек үстел шеңберінде талқылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (ЮНОДК), Street Law Kazakhstan, Amnesty International және Еуразиялық экономикалық және құқықтық зерттеулер орталығының сарапшылары жеке тәжірибесін ортаға салып, нақты құралдары мен ұсыныстарын айтты.

Еуразиялық экономикалық және құқықтық зерттеулер орталығы директорының орынбасары Олена Бондаренко практиктер арасында тәжірибе алмасу идеясы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен өткен Қазақстан мұғалімдеріне арналған адам құқығы және тұрақты даму саласындағы білім беру бойынша ауқымды курсты өткізгеннен кейін пайда болғанын айтты.

«Бізге адам құқығы және тұрақты даму курсына қатысу үшін Қазақстанның барлық аймағының мұғалімдерінен бес мыңнан астам өтініш келіп түсті. Вебинар-лар және sdglessons.kz еркін платформасындағы онлайн-курс шеңберінде мамандармен бірге оқуды аяқтаған курс қатысушылары мұндай тренинг студенттермен тарихтан физикаға дейінгі әртүрлі пән шеңберінде теңдік, инклюзия, өз құқықтарын қорғау жолдары сияқты маңызды тақырыптарды қызықты әрі тиімді талқы-лауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Білім беруді одан әрі трансформациялау шеңберінде бұл тақырыптар стандарттар мен бағдарла-малардың ажырамас бөлігі болады деп сенеміз», – деді Олена Бондаренко.

Нархоз университеті қазіргі уақытта ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы кластерлік кеңсесінің қолдауымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан білім беру реформалары жағдайында бастауыш және орта білім беру жүйесінде тұрақты даму үшін білім беруді интеграциялау бойынша Ұлттық білім академиясымен жұмыс істейді. Тұрақты даму үшін білім беру мақсаттары тұрақты даму мәселелері бойынша білім беру, адам құқығы, гендерлік теңдік, бейбітшілік мәдениетін және зорлық-зомбылықты болдырмауды насихаттау, бейбітшілік азаматтығы мен мәдени әртүрліліктің құндылығын және мәдениеттің тұрақты дамуға қосқан үлесін білуді қамтиды.

Street Law Kazakhstan жобасының жетекшісі, заң ғылымдарының докторы Халида Әжіғұлова жобадағы мектептердегі буллинг пен кибербуллингке қарсы әрекет ету құралдары, соның ішінде ата-аналарға, мұғалімдерге, оқушыларға арналған жадынамалар, сонымен қатар мектептердің өздері қабылдауы мүмкін буллингке қарсы саясат туралы айтып берді.

«Мектептегі құқықтық білім – балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен басқа құқық бұзушылықтың және балаларды қылмыстық әрекеттерге тартудың алдын алу үшін маңызды шара», – деп атап өтті сарапшы. Сонымен қатар, Халида Әжіғұлова мұғалімдермен жұмыс істеу тәжірибесін айтып, Street Law методикасымен білім беру іс-шаралары сынып пен мектепте сыйластық пен бұзақылыққа қарсы атмосфераны орнатуға көмектесетінін айқындайтын мысалдарды ұсынды.

Қатысушылар білім беру үдерісіне және барлық пәннің білім беру мазмұнына адам құқығын қорғау мәселелерін интеграциялау үшін барлық тараптың, соның ішінде мемлекеттік органдардың, азаматтық бастамалар мен халықаралық серіктестердің тәжірибе алмасу және өзара әрекеттесу қажеттілігін атап өтті. Пікірталасқа қатысушылар сонымен қатар ұсынылған құралдар мен оларды пайдалану бойынша тренингтердің қажеттілігін атап өтті, сонымен қатар адам құқығын қорғау тақырыбын Ұлттық білім академиясы әзірлеген Қазақстан мұғалімдері үшін ұсыныстар шеңберіне қосуды, тәжірибе алмасуды және практиктер қоғамдастығының шеңберінде кездесулерді ұсынды.

Назым САПАРОВА

«Ұлан» газеті, №17
27 сәуір 2021 жыл
 

686 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор