• ҰЛАН
  • 29 Наурыз, 2021

НЗМ оқушысы суды тазартудың жаңа тәсілін ұсынды

Дәстүрлі Х Наурыз кездесуінде Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Ибрахим Әмзебек жаңа жобасын таныстырды. Жоба «Көпіршікті суды тазарту жүйесі» деп атала-ды. Онлайн режимде өткен биылғы мерейтойлық кездесу «Планета және пластик: адамзат экомәдениеті» тақырыбына арналады.
Су тазарту жүйесі арнайы технологияның көмегімен өзен мен арықтарда жиналған қалдықтарды автоматты түрде тазартуға көмектеседі.

«Мысалы, мынау өзен немесе арна деп елестетейік. Біз резервуардың түбіне диагональ бойынша тесіктері бар құбыр қойдық. Ауа сорғысының көмегімен ол жерге ауа жеткізе-ді. Түтікшеден ауа көпіршіктері шығады, осылайша олар қоқысты әрі қарай өткізбейді. Ағынның көмегімен барлық қоқыс бір жерге жиналады. Кейін қалдықтар сол жерден конвейердің көмегімен жина-лады», – дейді жас өнертапқыш.

Бүгінде дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзатты алаңдатып отыр. Маңызды экожүйелердің ластануы өмірімізге және жер бетіндегі тұщы суға қауіп төндіреді.  Өзендер және олармен байланысты экожүйе бізді тамақ пен өндірістік процестерге қажетті ауыз сумен қамтамасыз етеді. Сондықтан олар адамның әл-ауқаты үшін өте қажет.

«Шамамен екі аптадан кейін жасанды ағын жүйесі іске қосылады. Су тазартуға көмектесетін жобаммен түрлі жарысқа қатысуды жоспарлап отырмын. Жобаға қаржылық қолдау жасайтын жан іздей-мін», – деді Ибрахим Әмзебек.

Ибрахим қазір 9-сыныпта оқиды. 2018-19 жылдары VEX IQ сайысында Қазақстан чемпионы атанды. Сондай-ақ Америка Құрама Штаттарында өткен «Worlds VEX IQ» конкурсында жүлделі орын алды.

Перизат Абдашова

«Ұлан» газеті, №13
30 наурыз 2021 жыл

323 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор