• ҰЛАН
  • 01 Наурыз, 2021

«Әжеден ғибрат» клубын құрды

Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мекте-бінде әжелерден құралған «Әжеден ғибрат» клубы жұмысын бастады.  Ерекше клуб мүшелері жас ұрпаққа салт-дәстүрді ұстанудың маңызын түсіндіріп, ұлттық құндылықтарды ұлықтауды мақсат етеді. Клубқа мүше әжелер оқушыларға танымдық сабақтар өткізіп, ұршық иіруді, балқаймақ қайнатуды көрсетеді.

Ақпан айында клуб мүшелері Microsoft Teams онлайн платформасында бас қосып, алғашқы кездесуін өткізген. 7-сынып оқушысы Зере Құрманбайдың әжесі Рысты Дюмбаева ұршық иіру тәсілдерін көрсетіп, тиімді тұстарын таныстырды.

– Қазір клубқа 7-8-сынып оқитын 11 оқушының әжесі мүше. Олар әзірге «Халқын сүйген – салтын сүйер», «Он саусағынан бал тамған», «Қазақ – қонақжай халық» тақырыптарында жұмыс істейді. Клубқа жас ұрпаққа салт-дәстүрді үйреткісі келетін кез келген әже мүше бола алады, – дейді идея авторы, педагог-куратор Сайра Сәрсенова. 

Алғашқы отырыста клуб жұмысының жоспары бекітілді. Ақпан айының соңында әжелеріміз екі шеберлік сабағын өткізді. Әжелер қыздарға ұлттық сусындар мен тағамдар дайындау әдісін меңгеру, киіз үй жабдықтарын жан-жақты таныстыру, іс тігу, тоқыма тоқу, ою ою, қонақ күту, табақ тарту ережелерін, ырым-тыйымдардың мазмұнын түсіндіріп, жеке күтім жасаудың ұлттық негіздерін үйретуді міндет қылып алып отыр.

«Ұлан» газеті, №9
2 наурыз 2021 жыл

474 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор