• ҰЛАН
  • 10 Ақпан, 2021

Үйдегі жұмыстың өнімділігі

Пандемияның кесірінен үйде, әр күніңіз бір-біріне ұқсап қайталанып жатқанын сездіңіз бе? Ендеше орныңыздан тұрып, жәймен сол орныңызда бір айналып, жан-жағы-ңызды шолып шығыңызшы. Иә, бұл күлкілі көрінетін шығар. Бірақ экранға шексіз қараудың орнына, ең болмағанда қысқа уақытқа бас тартып көріңізші.

Жұмыс істеп отырып, үзіліс жасаудың танымға тигізер пайдасы  зор. Мұны Бостондағы Солтүстік-Шығыс университетінің Когнитивті және ми денсаулығын сақтау орталығының директоры Чарльз Хиллман дәлелдеген. Хиллман ондаған жыл бойы жаттығу мен таным арасындағы байланысты зерттеп, серуендеуге 20 минут уақыт бөлу жұмыс өнімділігі мен мидың жұмысын жақсарта алатынын анықтады. 

(Когнитивтік даму – адамның когнитивтік ортасының, атап айтқанда оның қабылдауының, есте сақтауының, ойының, тілінің, қиялының қалыптасуы мен даму процесі).

Серуендеу

Хиллман және оның әріптестері балалар мен ересектерге серуендеудің психикалық әсерін зерттеген. Олар демалудың (20 минуттық серуеннің) когнитивті тест нәтижелеріне  қараса,  мидың жүйке жүйесінің өзгеруіне әсер еткенін байқаған. Жаттығу мен серуеннен  кейін мидың қай аймақтары жанып тұратынына сүйене отырып, олар жаттығулар мен ми жұмысының әртүрлі аспектілері арасында бірнеше ассоциация құрылғанын байқапты. Соның ішінде зейінді бөлу, өңдеу жылдамдығы, жұмыс жады және көп тапсырманы орындау мүмкіндігі жақсарғанын айтады.

Тұтастай алғанда, олар серуендеудің когнитивті функцияға әсері бір сағатқа созылатынын анықтады. Бірақ Хиллман зертханада күні бойына бірнеше рет жаттығу өткізбеген. Жоғары өнімділікке жету үшін сізге 20 минуттық серуендеуді жоспарлаудың қажеті жоқ екенін ескеріңіз. Демек кішкентай өзгерістерге басқа да дүниелер әсер етуі мүмкін. Мұны өмірдегі жағдайларда қалай көрсететінін тексеру қиынырақ. Жаттығудың оқушылардың сыныптағы жұмысына қалай әсер ететіндігі туралы бірқатар зерттеулер айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетпеген. Бірақ сабақ уақытындағы үзілістер оқу үлгерімін жақсартады деп ойлау керек.

Уақыт тұрақтылығы

Ересектер арасында жұмыс істеу жақсы нәрсе болуы мүмкін. Жақында жүргізілген бір зерттеуде кеңседе, үстелде отыратын жұмысшылардың  жұмыс өнімділігі мен бір орында отыру денсаулыққа  қалай әсер ететінін анықтады. Эргономика зерттеушілері Вашингтон штатының Еңбек департаментінің қызметкері Цзя-Хуа Лин және Вашингтон мемлекеттік университетінің қызметкері Стивен Бао отырып  жұмыс істеу байланыс орталығындағы жұмысшылардың жұмыс өнімділігіне қалай әсер еткенін зерттеген.  Мұны істеу үшін олар кездейсоқ режимде төрт күндік кесте дайындап және олардың қоңыраулар мен бланкілерді толтыруға кететін уақытының ұзақтығын қарастырды. Лин зерттеудің статистикалық маңызды нәтиже бермегенін айтты, бірақ олар көп уақыт жұмсаған қызметкерлердің телефон қоңырауларына тез жауап беретін тенденцияны байқаған.

Нәтижесінде тұрып жүріп жұмыс істеу өнімділікті нашарлатпайтынын көрсеткен.  Бұл шешімді жұмыс берушілер «жұмыс үстелін» сатып алмау үшін сылтау ете алады. Зерттеу нәтижелілікті арттырудан басқа, жұмыс үстелінде отыру физикалық тұрғыдан «комфорт» екенін анықтапты.  Бір орында отыратын, ең ұзақ жұмыс кестесі бар қызметкерлердің аяғы аз ісініп, күннің соңында өздерін жақсы сезінген.

Лин үйде жұмыс істейтін адамдар эргономикалық тұрғыдан дұрыс орындықтар мен жұмыс үстелдері жоғына алаңдайтынын айтады.

«Жұмыс орнында жұмыс беруші осындай көмек көрсете алады, бірақ үйде жұмыс істейтін адамдар үшін біз жеке үйлерге арнайы орындық пен үстел, мамандарды жібере алмаймыз», – дейді Лин.

Орындықта дұрыс отырмау, жатып алып онлайн сабақтар мен конференцияларға қатысу, ұзақ уақыт бойы «Жолға кететін уақытты жұмысқа арнап, нәтижені жақсартамын» деген ой мен істен аулақ болыңыз.  Бір сәт көзіңіз бен миыңызды демалдырыңыз.  Үйде отырып жұмыс істеу – үйден шықпау деген  емес. Керісінше, уақытты үнемдеп, сол уақытта өзіңізге демалыс жариялаңыз.

Нұрлыхан ЖҰМАХАН, 
«Ұланның» жас тілшісі.

«Ұлан» газеті, №6
9 ақпан 2021 жыл

375 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор