• ІТ және инновация
  • 10 Ақпан, 2021

Виктор мен Элинаның роботы

Виктор мен Элина  қоқыс сұрыптайтын робот құрастырды. Роботты құрастыру идеясы қайдан келді? Жобаны іске асыру кезеңдері қандай? Осындай жобаны құрастыру үшін Виктор мен Элина қалай танысты? Өздері айтып берсін.

Виктор Кахно: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сыныбында оқимын. Робототехникамен айналысып жатқаныма екі жылдай болып қалды. Роботтарды құрастырамын, олимпиадаларға қатысамын. Сабаққа барып, осы салада жобалар құрастырамын.

Элина Пак: Талдықорғандағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған №20 лицейдің 10-сынып оқушысымын. Менің хоббиім өте көп. Кітап оқимын, үлкен теннис ойнаймын, жүзуге барамын және әлбетте робототехника үйірмесіне барамын. Робот жасаумен 2016 жылдан бері айналысамын. Сол кезде қаламызда Оқушылар сарайында алғаш рет Happy Lego Education деп аталатын робототехника үйірмесі ашылды. Үйірме әлі күнге дейін жұмыс істейді, бірақ атауы NextRobot болып өзгертілді. 2016 жылы алғаш рет робототехника бойынша олимпиаданың облыстық кезеңіне қатыстым. Одан кейін Николай Владимирович деген мұғаліммен танысып, ол мені қанатының астына алды. Содан мен ментормен  Назарбаев мектебінде робототехникамен айналыса бастадым. Сол кезде Виктормен және басқа да балалармен таныстым. 

– Жобаның идеясы қалай пайда болды?

Виктор: Жобаның идеясы аяқ астынан пайда болды. Өйткені біз олимпиада туралы дедлайнға аз уақыт қалғанда ғана білдік. Содан барынша қарқынды түрде жұмыс істеуге тура келді. Өйткені жобаны олимпиадаға жіберетін мерзімге дейін үлгеру қажет. Тіпті кейбір техникалық шешімдер күтпеген жерден қабылданды.

Элина: Біздің робот World Robot Olympiad 2020 олимпиадасына қатысты. Сол кезде осы жобаға Даниил Филимонов, Дильназ Жемісбек сияқты инженерлермен қатар, Виктор қатысты. Жобаның идеясы да басқа еді. Робот қоқыс емес, ағаштардың бүршігін жинайды. Виктор айтқандай, олимпиада туралы жақында ғана білдік, шамамен дедлайнға бір апта қалған кезде-ау. Содан біз роботты кішкене өзгертіп, ол ағаштың бүршігін емес, қоқыс жинайтын болды. Инженерия бойынша кейбір шешімдер шынымен де аяқ астынан қабыл-данды. Өтініштерді қабылдайтын соңғы күні біз мектепте түнгі 11:00-ге дейін қалып, өтінішті дедлайнға бірнеше сағат қалғанда жібердік. Бұл біз үшін өте қызық тәжірибе болды.

– Роботты неге Зиггурат деп атадыңыздар?

Виктор: Роботты «Зиггурат 3.0 (ziggurat 3.0)» деп «мәдени дәстүрмен» атадық. Өйткені  2019 жылы талдықорғандық робототехниктер «Зиггурат (ziggurat)» жобасымен әлемдік олимпиададан 3-орын алады. Одан кейін біз халықаралық олимпиадаға «Зиггурат 2.0»  жобасымен қатыстық. Содан ойланбастан жобаны «Зиггурат 3.0» деп атадық.

Элина: Иә, Виктор айтқандай, бұл біздің «мәдени дәстүріміз». Біз жай ғана осы атаумен жобаны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруды жөн көрдік. 2019 жылы Венгрияда өткен әлемдік World Robot Olympiad олимпиадасында ZIGGURAT роботы, яғни жобасы 3-орын алады. 

–Жобаны іске асыру үшін қандай кезеңдерден өттіңіздер?

Виктор: Уақыт шектеулі болды. Ал идея олимпиаданы хабарлаудан бұрын пайда болып еді. Бірінші кезең – роботтың жалпы көрінісі және кейбір инженерлік шешімдері. Содан соң әрқашан роботтың инженериялық құрастырылуы өтеді. Кейін электрикамен жұмыс бар. Сол электрикамен жұмыс бойынша ұзақ жүруге тура келді. Өйткені қорек блогы жарамсыз болғандықтан, істен шыға берді. Тіпті жоба жұмысының соңғы күні сымдар жарылып, оларды алмастыруға тура келді. Аяқ астынан осындай мәселелердің шешімін тапқан сәт те болды. Қуанышымызға орай, біз өте тез жөндедік.

Элина: Ал бағдарламалау бойынша сәл оңайырақ болды. Тіпті роботтың кодтары, тек кейбір жерлерін жөндеу қажет еді. Инженерия жағынан құрастырумен қатар нейрондық желіні үйрендік. Виктор датасетті жинады, ал мен өз кезегімде кейінірек өте жақсы жұмыс істеген желіні үйрендім. 

– Сонда робот қалай жұмыс істейді?

Виктор: Робот трасса мен орманда серуендеуге арналған. Алты аяғымен және жеткілікті еркіндік дәрежесімен робот тегіс емес жерлерде жүреді. Сондай-ақ, аяқтың ұшында серіппелі тұрақтандыру бар. Бұл жолдағы кедір-бұдырларды тегістеуге мүмкіндік береді. Робот көтер-гішті босату механизмінің көмегімен ұстауды төмендетеді, ал ұстағыштағы камера қоқыстың орналасуы мен түрін анықтау үшін жүйке желісін қолданады. Содан кейін робот оны ұстап алып, конвейерге салады және оны қалдықтардың түріне қарай сұрыптайды. Роботтың негізгі ерекшелігі – аяғы мен жүйке торы.

– Жобаның инвесторлары бар ма?

Виктор: Өкінішке қарай, жобаның инвесторлары жоқ. Роботтың құрастырылуы команданың демеушілігімен іске асты. 

Элина: Иә, бәрі команданың күшімен іске асты. Менторымыз Николай Владимирович пен осыған дейін жобамен айналысқан үлкен инженеріміз Даниил Филимоновтың үлесі зор. 

– Болашаққа жоспар қандай?

Виктор: Бұл – мен бұған дейін айналысқан және бола-шақта айналысатын жобаның біреуі. Қазіргі таңда әртүрлі тақырыпта басқа жобалар құрастырылып жатыр. Осылай түрлі тақырыпта білімімді жетілдіріп, оны робототехника мен өмірде пайдаланғым келеді.

Элина: Мен бағдарламалау бойынша білімімді жетілдіруді жоспарлап жүрмін. Меніңше, менің тарапымнан бағдарламалау бәрінен жақсы шығатын сияқты. Бірақ осымен тоқтап қалмаймын. Менен онша емес инженер шықса да, мен оны түзетуге қатты ынталымын. Жоспар мен идея өте көп. Олар жақында іске асады деп үміттенемін.

– Жарайсыздар! Сәттілік тілеймін!

Дайындаған 
Назым САПАРОВА

«Ұлан» газеті, №6
9 ақпан 2021 жыл

4333 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор