• ҰЛАН
  • 01 Ақпан, 2021

Коронавирус, Ауғанстан және балалар

Жаһанды жаулаған коронавирус пандемиясы әлем елдеріндегі адамдардың өмір сүру тәртібін өзгертті. Бір жыл бұрын жылдам қарқынмен таралған вирус әлі де болса көптеген елде үлкен проблема болып отыр. Қазақстан-нан басқа мемлекеттердің тұрғын-дары коронавируспен қалай күресіп жатыр, денсаулығын сақтау үшін қандай шаралар қолданады? Ал әлем елдерінің балалары жаңа өмір салтын қалай қабылдады? Бүгіннен бастап «Ұланның» әр санында осы сұрақтарға жауап береміз. 

Коронавирус әлем балалары көзімен дейтін мақалалар легінің алғашқысы бізге мәлім де беймәлім Ауғанстан елінің балалары туралы болмақ. Сендер Ауғанстан деген елдің атын естідіңдер ме? Ауғанстан туралы не білесіңдер? Қазақстанда көбінесе «Ауған соғысының ардагері» деген сөзді кездестіруге болады. Мен Ауғанстандағы өмір туралы Ауған соғысы туралы фильмдер, Халед Хоссейнидің кітаптары мен «Шантарам» кітабындағы біраз оқиға арқылы таныстым. 

Ауғанстан Ислам Республика-сы – теңізбен шектеспейтін Орта Шығыстағы мемлекет. Ауғанстан – әлемдегі ең кедей елдердің бірі. 1978 жылдан бастап бұл елде азамат соғысы жүріп жатыр. Ауғанстан сөзі қазақ тіліне аударғанда «ауғандар елі» деген мағына береді. «Ауғани» сөзі түрік тілінде ауып келген, жасырынған деген мағына береді. Бірақ ауғандар өздерін олай атамайды, олар өздерін «пуштун» деп атайды. Ал «-стан» деген жұрнақ парсы тілінде «орын, ел» деген мағына береді. 

Ауғанстанда COVID-19 инфекциясы алғаш рет 2020 жылдың 24 ақпанында тіркелді. Алғашқы науқас Герат қаласының тұрғыны еді. 2020 жылдың 7 нау-рызында тағы үш жағдай тіркеліп, елдегі науқастар саны 4-ке жетті. Сәуір айында президент үйіндегі 40-қа жуық қызметкерден COVID-19 анықталды. Ал 7 мамыр күні Ауғанстанның Денсаулық сақтау министрі Ферозуддин Фероз коронавирус жұқтырғаны анықталды. 

16 сәуірде коронавирус инфекциясына байланысты түрмеден 5300 адам босатылды. 18 сәуірде жүзжылдық тарихы бар Дар уль-Аман сарайы коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеу шаралары үшін берілді. Ал 30 сәуірде Ауғанстан парламентінің жоғарғы және төменгі палаталары жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. 

2 мамырдан бастап мемлекет билігі ірі қалалардағы карантин режимін күшейтті. 5 мамыр күні Ресейдің Мәскеу қаласынан студенттерді елге жеткізетін алғашқы ұшақ Ауғанстанға келіп қонды. 

20.01.2021 жылғы статистика бойынша, Ауғанстанда коронави-рус жұқтырған саны – 54278, вирустан қайтыс болғандар – 2354, сауығып шыққандар – 46554 адам.

Коронавирус балалар көзімен

Түркия елшілігі жанындағы тіл үйрету орталығында (ТӨМЕР-де) әлемнің әртүрлі мемлекетінде тұратын студенттер онлайн дәріс оқып жүр. Осы топта Ауғанстан азаматтары бар. Олардан елдегі жағдай, іні-қарындастарының коронавирус туралы ойын сұрадым. 

ТӨМЕР-де 17 жастағы Сонита Йашар есімді құрбым бар. Биыл мектеп бітіріп, Түркия елінде бакалавриат оқу үшін грант жеңіп алған. Сонита көпбалалы отбасынан шыққан. Екі інісі, үш сіңлісі бар. Үлкен інісі мен сіңлісі мектепте жасында. Қалғандары әлі кішкентай. Сонита және оның мектеп жасындағы бауырлары маған телефон арқылы Ауғанстандағы жағдай туралы айтып берді. 

«Ауғанстан бес мың жылдық тарихы бар, көптеген тіл мен дәстүрдің тоғысқан жері. Мұнда оқыған, көзі ашық адамның барлығы дерлік ағылшын тілін біледі. Жергілікті халық өте қонақжай. Егер Ауғанстанға қыдырып келсеңіз, сізге өлкеміздің көрікті жерлері мен тарихи орындарын қуана-қуана көрсетеміз», – деп бастады әңгімесін Сонита Йашар. 

Сонитаның інісінің есімі – Паруайз (Parwaiz), ал сіңлісінің аты – Нуржахан (Noorjahan). Оларды еркелетіп Педрам және Наргиз деп атайды екен. Ауғанстанда коронавирусқа байланысты оқу процесі онлайн форматқа көшкен. Сондықтан оқушылар мен студенттер сабақты үйден оқиды. 

Сонитаның сіңлісі 8 жаста. Ол 3-сыныпта оқиды. Нуржаханның  айтуынша, сабақты үйден оқу оның уақытын үнемдеуге көмектескен екен. Сабақтан тыс уақытта көбірек теледидар көруге мүмкіндік пайда болыпты. 

«Мен күн сайын төрт сағат сабақ оқимын. Үй тапсырмасын орындап болған соң бауырларым-мен ойын ойнаймыз. Теледидардан балаларға арналған бағдар-лама көргенді ұнатамын. Сабақтан бос уақытымда үйде боламын. Карантин кезінде бауырларыммен бірге көп уақыт өткізетін болдық», – дейді Нуржахан. 

Ал 12 жастағы Паруайз алғашында карантин шектеуіне байланысты далаға шықпағанын айтады. Есесіне пайдалы іспен айналысыпты.

«Үйде болғанда қатты ішім пысатын. Пандемияға дейін достарыммен саябақта серуендеп, түрлі спорт үйірмесіне баратын едім. Ал карантин енгізілген соң, төрт қабыр-ғаның ішінде қамалып қалдық. Алғашында көңіл-күйім болмады. Бірақ уақыт өте келе бұл жағ-дайға да үйренісе бастадым. Өзіме жаңа қызығушылық таптым. 

Үйде шамамен күніне бес сағат сабақ оқимын. Басқа уақытта боспын. Бос уақытым-да жаңа тіл үйренуді қолға алдым. Голливуд фильмдерін көре бастадым. Спортпен айналысуды тастаған жоқпын. Алайда үй жағдайында мен қалаған кейбір спорт түрімен айналысу қиынға соқты. Сондықтан видеоойындар ойнайтын болдым.

Қазір елдегі жағдай тұрақтала бастады. Қауіпсіздік шараларын сақтап, саябақта серуендеуге болады. Пандемия тезірек аяқталып, адамдар бұрынғы өмір салтына оралады деп үміттенемін. Мектепке баратын, достарыммен емін-еркін ойнайтын күнді асыға күтіп жүрмін», – дейді Паруайз.

«Тамағыңды тауысып жесең, коронавируспен ауырмайсың»

Паруайз бен Нуржаханнан коронавируспен күресу үшін, оны жеңіп шығу үшін не істеу керегін сұрадық. Олардың жауабы төмендегідей болды.

Нуржахан: «Коронавирус көзге көрінбейтін, қолға ұстауға келмейтін ұсақ, зиян заттардан тұрады. Ондай заттарды адам байқамай жұқтырып алуы мүмкін. Вирус адамға жұқпауы үшін денсаулығы, иммунитеті мықты болуы керек. Ал иммунитет мықты болуы үшін адамдар тамағын тауысып жеуі керек. Тамақты жақсы жесек, біздің ағзамыз мықты болады. Вирус келсе, ішіміздегі тамақтар онымен күресіп, жеңіп шыға-ды. Мен коронавируспен ауырған жоқпын. Себебі дұрыс тамақтанып жүрмін». 

Паруайз: «Коронавирус – адамның ағзасын әлсірететін және ауруға душар қылатын вирус. Ол өте жұқпалы. Мұны күнделікті жаңалықтар мен статистикадан көруге болады. Түшкіргенде, жөтелгенде, адам мен адам амандасқанда вирус жұғып кетуі ықтимал. «Сақтықта қорлық жоқ». Сондықтан, дәл қазіргі заманда әр нәрсеге күдікпен, жауапкер-шілікпен қарау керек деп ойлаймын. Күнделікті қол жуу адам-дардың өмір тәртібіне айналды. Коронавирус аяқталған соң да бұл әдет сақталып қалса екен деймін. Себебі, тазалық – саулықтың кепілі».

P.S. Жас дос, қазіргі жағдай саған түсініксіз болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл тек сенің басыңдағы нәрсе емес, бүкіл Жер шарының балалары сен сияқты қорқынышпен өмір сүріп жатыр. Осындай сәтте бір-бірімізден үйренеріміз, үйретеріміз көп. Шындығында адам түріне, нәсіліне, дініне қарай тек шартты түрде бөлінеді. Ал адамзатқа ортақ проблеманы шешу үшін бәріміз бірігуіміз керек. 

Дайындаған 
Дана МАРАТОВА

«Ұлан» газеті, №5
2 ақпан 2021 жыл 

457 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор