• ІТ және инновация
  • 25 Қаңтар, 2021

Қазақстандық білім: STEAM ұлттық моделі қандай?

Коронавирус пандемиясына байланысты мектеп пен жоғары оқу орындары онлайн форматта оқытуға көшті. Бір жылға жуық уақытта білім саласы біраз қиындыққа тап болды. Оған қоса, заманауи әрі халықаралық білім стандарттарына бейім-делуіміз керек. Сондай стандарттардың бірі – STEAM (Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics) моделі мектеп оқушылары мен студенттерді техникалық дағдыларды игеруге, икемді ойлау және креативтілікті қажет ететін жұмыс нарығына даярлайды. Әдістемені білім беру бағдарламасына енгізуді талқылау мақсатында онлайн конференция ұйымдастыры-лып, қазақстандық және халықаралық сарапшылар пікір білдірді. Онлайн-конференция «Шеврон» компаниясы мен Caravan of Knowledge қолдауымен өтті.

Конференцияда талқыланған тақырыптар:

  • STEАM – білім беру бағыты және оның Қазақстандағы даму жағдайы;
  • STEАM – білім  беру институттары, мемлекет, бизнес және қатарындағы азаматтарына арналған мүмкіндіктері;
  • STEАM – білім  беру бағытының дамуы үшін қажет алғышарттар;

Конференция кімдерге пайдалы?

  • Білім басқармалары: облыстық, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің өкілдері;
  • Мектептер: мектеп директорлары, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер;
  • Бизнес өкілдері: білім саласында қызмет ететін бизнес-құрылым өкілдері;
  • Болашақ ұстаздар: педагогикалық және техникалық мамандықта оқитын студенттер;
  • Ата-аналар: балаларына заманауи білімді қалайтын отбасы мүшелері; 
  • Сала мамандары: STEАM білім беру бағытында қызмет ететін және осы саланың маманы деп танылған адамдар.

STEAM ұлттық моделі туралы  бағдарлама менеджері Алмас Ордабаевтың пікірі қандай?

Біз «Шеврон» компания-сының қаржылық қолдауымен «Білім керуені» жобасын мамыр айында бастадық. Бірінші кезеңде зерттеу жүйесін жүргіздік. Сол кезде STEAM түсінігінің жоқтығын және ортақ жүйеленген бағдарламаның жоқ екенін анықтадық. Конференцияның екінші бөлігінде STEAM түсінігі туралы ақпарат бердік. Мысалы, математиканы химиямен  немесе робототехниканы ағылшын тілімен байланыстырып оқыту. Бір сөзбен айтқанда, екі пәнді бір жүйеге қарай оқыту.

Бұл модель оқушының мәселелерін шешуге де бағытталады. Мысалы, оқушы ауаның ластануын зерттесе, тәжірибеде пластиктің құрамымен танысады. Осы орайда мұғалім оқушының сын тұрғысынан ойлауына да әсер етеді. Онлайн білім беру барысында мұғалімдер үшін ең маңыздысы – эмоциялық байланыс орнату. Біз бір-бірімізді жүзбе-жүз көрмей, виртуал араласқандықтан, тіпті оқушылардың көбі камераны қоспай отырады. Мұғалім ретінде оқушыны камера қосуға мәжбүрлей алмаймыз. Өйткені камераны қосу не қоспау –  оқушының құқығы. Бәлкім оқушы өзінің үйдегі түрін көрсеткісі келмейтін шығар. Кейде интернет істемей қалады. Микрофон қосылмай қалу дегендей техникалық ақаулар болады. Сол сәтте оқушылармен эмоциялық байланыс орнату қиын. Осы орайда біз мұғалімнің креативтілігі зор рөл ойнайтынын түсіндік. Мысалы, осыған дейін офлайн сабақта мұғалім сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, тақтаға тақырыпты жазады. Ал онлайн форматта бұндай әрекеттерді орындау мүмкіндігі мүлде жоқ. Өте тәжірибелі мұғалімдер онлайн форматта сабақты түсіндіре алмауы мүмкін. Сондықтан мұғалімнің кез келген тығырықтан шығатын креативі ерекше қажет. Карантин бізге, яғни мұғалімдер мен оқушыларға кез келген оқиғаға дайын болып, соған қарай бейімделуді үйретті. 

Ирина Исаева: STEAM – болашаққа жаңа қадам

Конференция қатысушысы, №2 Аршалы орта мектебінің химия және физика пәнінің мұғалімі Ирина Исаева конференция туралы пікірін білдірді:

– Конференцияда талқы-ланған мәселелер бізді Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың негізгі векторымен біріктірді: STEAM – қазіргі заманғы қазақстандық мектеп оқушы-ларының жүйелік ойлауын қалыптастыру құралы ретінде оқыту. Сонымен қатар, әріптестерім үшін негізгі сұрақ «неден бастау керек?». Осы орайда №2 орта мектеп мұғалімдерінің шығармашылық тобы – «Таным» жобасының қатысу-шылары ауыл мектебінде STEAM білім беруді жобалау тәжірибесін бөлісті. Біздің ойымызша, маңыздысы – STEAM білім берудің келесі компоненттері: дарынды балаларды іздеу, қолдау және қолдаудың кең көлемді жүйесін құру. Дарынды балаларды анықтау үшін шығармашылық орта қалып-тастыру. Оқушыларды әртүрлі қызмет түрлеріне баулу. Қалыптасқан талантты балаларды қолдау жүйесі. Мұғалім мен оқушының шығармашылық серіктестігі. Оқу бітірген түлектерді мұғалім мамандығына қызықтыру. Мектепке үкіметтік емес секторды тарту және әлеуметтік кәсіпкерлікті енгізу.

STEAM оқытуда қол-данылатын әдістер, ең алдымен,  нәтиже үшін тиімді. Нәтиже болу үшін келесі компоненттер қажет: жаңа нәрселерге ашықтық, жаңашылдыққа ұмтылыс, үздіксіз өздігінен білім алу мүмкіндігі. Сондай-ақ, STEAM сабақтарын әзірлеу кезінде біз нақты пікірлес адамдардың жалпы, біріктіретін, өршіл мақсатты адамдардың жұмысы қаншалықты тиімді екенін түсіндік. Бүгінгі біздің мақсатымыз – бұдан әрі табысты қолдану үшін STEAM оқытудың барлық аспектісін зерттеу, ең алдымен мектебімізде, әрі қарай бұл жұмысқа қызығушылық танытатын барлық әріптес үшін ауыл мектебінің оң тәжірибесін тарату.

Дайындаған 
Назым Сапарова

«Ұлан» газеті, №4
26 қаңтар 2021 жыл 

4152 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор