• Әдемі әуестік
  • 01 Ақпан, 2018

Құралай АНАРБЕКОВА, актриса: Әлемнің әр бұрышынан жинаған 35 тасбақам бар

– Кішкентай кезімде өте пысық қыз болыппын. Ата-анам балаға қажеттінің бəрін беруге тырысты. Анамның айтуынша, 7 жасымда базардан шемішке алдырып, оны қуырып, есіктің алдында сатады екенмін. Əкем «Керегіңді айт, алып беремін» десе, «Жоқ, мен өзім ақша табуым керек» дейді екенмін. Ол кезде 100-150 теңге көп ақша болатын. Мектепте өте белсенді болғанмын. Үйірмеге өз еркіммен жазылатынмын. Əлі есімде, алдымен биге барамын, сосын домбыраға, одан шығып суретке барамын. Таңғы 7.30-да үйден шығып, кешке жетілерде келетінмін. 3-сыныптан бастап сабақты өз еркіммен оқыдым. Анам шаршайсың деп үйірмеге жібермей қалатын кездері болған. Үйірме орталығы үйден алыс болатын. Бір нəрседен қалып қоятындай бəріне үлгеруге тырысатынмын. Үстел теннисінен республикалық жарысқа қатысып, 1-орын алғаным бар. Əкеммен жиі сырласатынмын. Мектепке баратын кезде əкем: «Жақсы адам болғың келсе, сабақты «5»-ке оқы», – деген. Əкемнің ақылын тыңдайтынмын. Кейде сабақтан «4» алсам, анама жылап келетінмін. Қыста шаңғы теуіп, атқа мінемін. Жазда гольф ойнаймын, жүзуге барамын. Таза ауада жүгіргенді ұнатамын. Бос уақытымда сурет саламын. Ашық түстерді ұнатамын. Уақыты келгенде көрме өткізсем деймін. Тасбақа жинайтын əдетім бар. Себебін білмеймін, осы жаратылысты жақсы көремін. Суретін де жиі саламын. Тасбақа ең ұзақ өмір сүретін тіршілік иесінің бірі. Ол барлық елде алып күштің, ұзақ өмірдің символы саналады. Төрт аяғы төрт жаққа қарап тұрғандықтан, əлемге жақсылық, төзімділік таратушы дейді екен. Əзірге əлемнің əр бұрышынан əкелген үлкенді-кішілі 35 тасбақам бар.  Неге екенін білмеймін, тасбақа қатты ұнайды. Балаларға шет тілін үйреніңдер дегім келеді. Өмірің өз қолыңда. Жақсы өмір сүргің келсе, көп кітап оқуға тырыс. Өйткені білімің тереңдейді, көзқарасың өзгереді.

Жазып алған Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА

«Ұлан» газеті, №5 30 қаңтар 2018 жыл

 

283 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор